Архив событий

27/09/2017

Жаңақорған аудандық сотында студенттердің қатысуымен сот отырысы өтті

27/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандық соттың сот отырысы залында Жаңақорған кентіндегі Аграрлы-техникалық колледжінің студенттерінің қатысуымен ашық сот отырысын өткізді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша құқық бұзушы Ш.А. Жаңақорған ауданы Пахырдинов көшесінің бойында, ортақ пайдалану орнын ластап, осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылық құқық бұзушылығын жасаған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді

27/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.

Талапкер М. сотқа талап арыз беріп, онда сот шешімімен жауапкер Б-мен арасындағы заңды неке бұзылғанын, заңды некеден екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін, балаларымен араласып, кездесіп тұрғысы келетінін, алайда жауапкер оларды көрсетпей, олармен араласып тұруына кедергі келдтіріп отырғанын көрсетіп, соттан кәмелетке толмаған балаларымен айына төрт рет кездесу уақытын белгілеуді сұрады.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

27/09/2017

2017 жылдың 05 қазанында сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Партисипативтік келісім бекітілді

27/09/2017

Қазалы аудандық сотында   талап қоюшы Л-ның  жауапкер О-дан неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Л. сотқа талап арыз беріп, онда ол жауапкер  О. екеуінің мінезі келіспейтінін, алдағы уақытта бірге тұра алмайтынын, некені бұзуды көрсеткен.

Қызылорда қаласының № 2 сотында бір тәулік ішінде қылмыстық іс қаралды

27/09/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған  С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, сотталушы С-ның өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдап, сақтағаны анықталды.