Архив событий

06/09/2017

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

06/09/2017

Шиелі аудандық сотында жаңа АПК-нің міндеттерін жүзеге асыру мақсатында азаматтық іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен олардың келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.

Талап қоюшы И. сотқа жауапкер И-ге қарыз ақша өндіру жайлы талаппен жүгінген. Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья Ә.Түбекбаева тараптарға дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың сотына ЮНИСЕФ-тің халықаралық маманы келді

06/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшы Анита Рамшак келді.

Кездесудің мақсаты білім беру, әлеуметтік сақтандыру және медицина салаларында туындаған мәселелерді анықтау, басшылармен және әлеуметтік қызметкерлермен сұхбаттасып, өз жұмыстарында туындайтын мәселелерді анықтау. 

Шара барысында сот төрағасы қонақтарды сот мәжіліс залдарымен, психолог бөлмесімен және сот ғимаратында орналасқан заманауи технологиялармен таныстырып өтті.

Жаңақорған аудандық сотында медиация тәртібімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

06/09/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы Е-нің қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Е. жәбірленуші Ш-ның ұялы телефонын жасырын жымқырып, нәтижесінде жәбірленушіге жалпы құны 67 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы Е. өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты, соттан қылмыстық жауапкершіліктен босатып істі қысқартуды сұрады.

Қазалы, Қармақшы аудандық соттарында алқа төрағасы Ә.Шығамбаевтың қатысуымен семинар сабағы өтті

06/09/2017

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев арнайы іссапармен Қазалы, Қармақшы аудандық соттарына барып, семинар сабағын өткізді.

Семинар жұмыстарына облыс бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қазалы, Арал, Қармақшы  аудандық соттарының төрағалары мен  судьялары қатысты.

Іс-шараны  облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/09/2017

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. «VAN» маркалы автокөлігімен М-32 «Самара-Шымкент» тас жолында «Ақтөбе-Арал» бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап, яғни тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті

06/09/2017

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Азаматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті.    

Кеңсе меңгерушісі Н.Дүйсенова АПК пен Ереженің талаптарына сәйкес істі апелляциялық сатыға жолдауға қойылатын талаптарға тоқталып, жұмыс барысында туындаған мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, ҚР АПК талаптарын сақтамай рәсімделген істер бойынша нақты мысалдар келтіріліп, сот отырысының хатшылары түсініктерін берді.

«Ашық есік күндері» өтеді

06/09/2017

2017 жылдың 07 қыркүйегінде сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру болып табылады.