Архив событий

26/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының судьясы мектеп оқушыларына лекция өткізді

26/09/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайратбек Бержанов № 11 мектеп-лицейінің оқушыларына лекция өткізді.

Аталған шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алуы мен кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың салдарын түсіндіру.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/09/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен сотталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы К. өзінің заңды некедегі әйелі жәбірленуші Г-нің пәтеріне барған кезінде, есікті өзіне таныс емес ер адамның ашқанына ашуланып, пәтер ішіне кіріп, әйелі Г-ніңбет тұсынан екі мәрте соққы жасап, орта дәрежедегі жарақат салған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ақтау қаласында өткен семинарға қатысты

26/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова Ақтау қаласында өткізілген «Экологиялық заңнаманы қолданудың сот практикасы. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексін қолданудағы маңызды мәселелер» тақырыбындағы халықаралық аймақтық семинарға қатысты.

Жалағаш аудандық сотының төрағасы «Медиация – ынтымақ пен бірліктің бастауы» атты іс-шара өткізді

26/09/2017

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев аудандық «Нұр отан» ХДП-ның филиалында «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы және татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» тақырыбында мекеме қызметкерлері, партия өкілдері, аудан халқының арасында кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Сора өсіріп сотталды

26/09/2017

Қазалы аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен, 300-бабының 2-бөлігінің  3-тармағымен заңсыз есірткі затын егіп, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған  азамат Б-ға қатысты істі қарады.

 Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б. тұрып жатқан үйінің алдына егуге тыйым салынған өсімдік екенін біле тұра, 19 түп сораны заңсыз еккен. Құқық қорғау қызметкерлерінің тексеруі нәтижесінде 210 гр марихуананы кептіріп, пайдалануға дайындап қойғаны  анықталған.

Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьялары оқып-үйрену сабақтарын өткізді

26/09/2017

Шиелі аудандық сотында облыстық соттың оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьяарының кезекті  семинар-сабағы  өткізілді.

Семинарға Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандық соттарының судьялары  қатысып,  білімдерін жетілдірді.

Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

26/09/2017

Байқоңыр қалалық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат А. «ВАЗ 21104» маркалы автокөлігімен «Шымкент-Самара» тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 

Азамат А-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және  медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

26/09/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Кентбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Д.Кентбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен қаралған М-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі жетілдірілуде

26/09/2017

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты.

«Сот кабинеті» сервисіне сұраныстың артқанын, оны пайдаланушылар саны көбейгенін көруге болады.

Осы уақытта сотта «Сот кабинеті» жүйесін одан әрі жетілдіру үшін сот кабинетін пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны сот ғимаратында  беру  жұмысы ұйымдастырылды.

Жаңақорған аудандық соты, аудандық әкімдік, прокуратура және аудандық пробация қызметі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

26/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қылмыстық істер бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны тағайындау және оның орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел»  өткізілді.