Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Д.Кентбаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Д.Кентбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен қаралған М-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы М. 2017 жылдың маусым айында Арал ауданы, Сексеуіл кентіне қарасты «Кекірелі» мал жайылымында орналасқан тұрғын үйінің жақын маңайына құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған 13 түп сора өсімдігін егіп, өсірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен, сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі