Архив событий

18/09/2017

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

18/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «К» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «И» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың 25 мамырында тараптар арасында келсім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 16.06.2017 жылға дейін жеткізуге міндеттенген.

Ұрлық жасаған сотталушылар 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

18/09/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушылар С. мен Н-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушылар С. мен Н. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет, жәбірленушілер Г., Л., С., Н. және К-ның пәтерлеріне заңсыз кіру арқылы жалпы құны 7 052 000 теңге тұратын бағалы заттарын ірі мөлшерде  жасырын жымқырған.

Телефон байланысы қызметтеріне берешек қарызы сотпен өндірілді

18/09/2017

«Қазақтелеком» АҚ–мен азамат Т-ның арасында телекоммуникация қызметтерін көрсету бойынша шарт жасалған.

Сотта анықталғандай, көрсетілген қызметке уақытылы төлем жасалмағандықтан  борышкер Т-ның  мекеме алдында берешек қарызы пайда болған.

Әйеліне балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген

18/09/2017

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. сағат 19.30-дар шамасында Ақай кентіндегі үйінде әйелін балағаттап, сыйламаушылық танытып, отбасы тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымыен, құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Жеке айыптау қылмыстық ісі медиация тәртібімен реттелді

18/09/2017

Қазалы аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 131- бабы, 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған азаматшалар А. мен Т-ға қатысты қылмыстық істі қаралды.

Сотта, сотталушылар А. мен Т-ның жәбірленуші С-ны балағаттап, қорлағандығы анықталды.

Сот отырысында жекеше айыптаушы С. айыпталушылармен медиация тәртібімен татуласқандықтарын айтып, сотқа медиативтік тәртіппен дауды реттеу туралы келісім шартты ұсынды.

Аудандық сотта «Ашық есік күні» өтеді

18/09/2017

Сырдария аудандық сотында 2017 жылдың 22 қыркүйек күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат және заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(724-36) 21-3-94 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Теренөзек кеңті, Абай көшесі 24 мекен-жайынан ақпарат алуына болады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (18.09.2017 ж.)

18/09/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

1)    Қызылорда қалалық №2 соты кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

1.  Сақтағанова Қуанышкүл Бақытқызы.