Архив событий

13/09/2017

Жалағаш аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған медиация негіздері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

13/09/2017

Жалағаш аудандық соты даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы Асылхан Мизанбаев, судья Тұрар Темірбаев, сот қызметкерлері, аудандағы кәсіби медиатор Мұхтар Хаидаров, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, адвокат және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қоғамдық жұмысқа тартылды

13/09/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат М-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері «Ральф» атты қызметтік итпен тексеру жүргізу барысында, «Қазалы-Арал теңізі» стансаларының аралығында, жолаушылар поездының вагонында азамат М-ның қалтасынан газет қиындысына оралған салмағы – 3,34 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылған, яғни, ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

13/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» әкімшілік іс бойынша жәбірленуші Д.Маден келіп, «Төрелік» жүйесі арқылы электронды түрде өтініш пен арыз беру тәртібі бойынша сұрақтар қойды. Қабылдауды жүргізген сот төрағасы Мейрамбек Ибрашев қойылған сұрақтарға толық жауаптарын беріп, құжаттарды беру тәртібін және заңмен көзделген қарау мерзімдерін түсіндірді.

Хабарландыру, барлық мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жарияланады

13/09/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

13/09/2017

Қазалы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық сот судьясы Гүлнар Тиштикбаева, аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев, ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/09/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат О. «Уаз-315122» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, тұрғын үй қоршауына соғып, Жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

13/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті арқылы электронды құжат беру тәртібі және Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің заңгері Т.Садуақасов, Қазақтелеком АҚ-ның өкілі Н.Пернебаева, Тұрғын үй ЖШС-нің  өкілі С.Сабырханова және сот мамандары қатысты.