Қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат М-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері «Ральф» атты қызметтік итпен тексеру жүргізу барысында, «Қазалы-Арал теңізі» стансаларының аралығында, жолаушылар поездының вагонында азамат М-ның қалтасынан газет қиындысына оралған салмағы – 3,34 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылған, яғни, ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар