Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық сот судьясы Гүлнар Тиштикбаева, аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев, ауданның ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында судья Г. Тиштикбаева баяндама жасап, өз сөзінде құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру тәртібі, әкімшілік істерді рәсімдеуде туындайтын мәселелер мен сотқа қарауға жолдау жөнінде кеңінен тоқталып өтті. Сондай –ақ, ішкі істер органының қызметкерлеріне қатысты қабылданған жекеше қаулылар жөнінде мысалдар келтірді. 

Семинар аясында аудандық сот судьясы мен аудан прокуроры  қиындық тудырған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.    

Шара соңында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері істі рәсімдеу барысында кездесетін мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оларға толықтай жауаптар берілді.             

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі