Архив событий

14/09/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында семинар сабағы өтті

14/09/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі Мадина Жүсіпбекова сот отырысының хатшыларына Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 347-1 бабында көзделген, яғни басты сот талқылауын аудио-бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу талаптарын бұлжытпай орындаудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

14/09/2017

2017 жылдың 12 қазанда сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында өткізіледі. «Ашық есік күні» қосымша ақпараттар алу үшін (8-336-22)7-38-55 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Байқоңыр қаласы, Максимова көшесі, 17 «а» үй.   

Аудандық сотта брифинг өтті

14/09/2017

Қармақшы аудандық сотында «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сотының судьясы Е.Құтыбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотталғандар Д. мен О-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сот 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

14/09/2017

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат  К. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаю күйінде автокөлігін басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

14/09/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталған Г-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/09/2017

Қармақшы аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. өз үйінде жанжал шығарып, заңды некедегі әйкеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

14/09/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, Қазалы аудандық сотының 14.11.2016 жылғы сот бұйрығына сәйкес борышкер Н-дан өндіріп алушы Б-ның пайдасына 1/4 бөлікте алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс қозғалған. Борышкер Б. қарызын төлемей, соттың актісін қасақана орындамай, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылықты  жасаған.

Жалған мемлекеттік белгі тағып, көлік құралын басқарған

14/09/2017

Сырдария аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. Сырдария ауданына қарасты, Құмкөл кеніші «Май бұлақ» қара жолында автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.