Архив событий

21/09/2017

Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрықбаев Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысының жұмысына қатысты

21/09/2017

Жоғарғы Сот судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев Қызылорда облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысып, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардағы судьялыққа және судьялық басшылық лауазымдарына үміткерлермен кездесті.

Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев мемлекет басшысының cудьялардың VII съезі және Қазақстан халқына Жолдауында соттарға қойған міндеттерін атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотында азаматтық істер бойынша брифинг өтті

21/09/2017

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі С.Әбдіштің қатысумен «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Судья Б.Елшібеков оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ның борышкерлерден берешекті өндіру туралы азаматтық істеріне тоқталып өтті.

Сонымен бірге, судья Б.Елшібеков істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралуының ерекшеліктерінің бірі, ол тараптарды сотқа шақырмай бір айдың ішінде қаралатындығын атап өтті.

200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

21/09/2017

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен көлікті басқару құқығынан 1 жыл 6 айға айырылған тұлға бола тұра, көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлікті басқару құқығынан 3 жылға айрылып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/09/2017

Арал аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 30 тамыз 2017 жылы өз үйінде жанжал шығарып, анасына балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Қарама-қарсы бағытқа шығып автокөлкті басқарған үшін жауаптылыққа тартылды

21/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. өзіне тиесілі автокөлігін Қызылорда қаласы Астана даңғылы бойында жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытында басқарған үшін Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткер

21/09/2017

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген  үміткер:

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (21.09.2017 ж.)

21/09/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

 

    1.Қармақшы аудандық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы  (С-R-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

    Есханов  Қанат  Серікбайұлы;

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

21/09/2017

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың торағасының м.а. атқарушысы Л.Алибекова қабылдады.

Шара аясында азаматша Л.Бисенбаева, жұбайынан балаларына тиесілі алимент өндіру, заңды некені бұзу және тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу туралы  сұрақтарымен жүгінді.

Төраға м.а. келушіге заң талаптарына сәйкес түсіндірме беріп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берді.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

21/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісінде арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.