200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен көлікті басқару құқығынан 1 жыл 6 айға айырылған тұлға бола тұра, көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарған.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, көлікті басқару құқығынан 3 жылға айрылып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі