Қарама-қарсы бағытқа шығып автокөлкті басқарған үшін жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. өзіне тиесілі автокөлігін Қызылорда қаласы Астана даңғылы бойында жолдың жүру бөлігінің қарама-қарсы бағытында басқарған үшін Қызылорда ІІБ-ң ЖПҚ-мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.

Сот, сот мәжілісінде оқиға бойынша түсінік берген құқық бұзушыны тыңдап, іске тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын, бейнетаспасын және басқа да құжаттарын зерттеп, құқық бұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің және 596 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, 1 /бір/ жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі