Жоғарғы Сот судьясы Ә.Құрықбаев Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысының жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот судьясы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев Қызылорда облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысып, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардағы судьялыққа және судьялық басшылық лауазымдарына үміткерлермен кездесті.

Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев мемлекет басшысының cудьялардың VII съезі және Қазақстан халқына Жолдауында соттарға қойған міндеттерін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Әділ Жамбасбайұлы басшылық судьялық лауазымдарға үміткер судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасы көрсеткіштерімен қатар, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне де назар аударды. Сонымен бірге, Ә.Құрықбаев қатардағы судья лауазымына үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізіп, үміткерлердің  өмірбаяндары және еңбек жолдарымен танысты.

Жоғарғы Сот судьясы үміткерлердің судьялық қызметті таңдағанын себебіне көңіл бөліп, қазылық, басшылық қызмет атқаруға деген моральдық, психологиялық даярлықтарына ерекше мән берді.

Талқылау нәтижесі бойынша 20 үміткердің 20-сы оң қорытынды алды. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі