Жаңақорған аудандық сотында азаматтық істер бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі С.Әбдіштің қатысумен «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Судья Б.Елшібеков оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған талап қоюшы «Қазақтелеком» АҚ-ның борышкерлерден берешекті өндіру туралы азаматтық істеріне тоқталып өтті.

Сонымен бірге, судья Б.Елшібеков істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралуының ерекшеліктерінің бірі, ол тараптарды сотқа шақырмай бір айдың ішінде қаралатындығын атап өтті.

Соттың шешімдерімен 13 қыркүйек 2017 жылы талап қою арыздары қанағаттандырылып, 14 жауапкерлердің коммуникация қызметтерін пайдаланғандары үшін берешектері  «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдасына өндірілді.

Сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі