Архив событий

12/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

12/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов аудандық «Нұр отан» ХДП-ның филиалында «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы» тақырыбында ауданның жастары арасында кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Аталған іс-шараға «Нұр отан» ХДП-ы филиалының орынбасары М.Балхожаев және ауданның бірқатар жастары қатысты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы студенттермен кездесу өткізді

12/09/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. 

Кездесудің мақсаты жастарға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының маңыздылығын түсіндіру.

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады

12/09/2017

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

Шараға «Жаңақорған тынысы» газетінің өкілі А.Жарықбаев және аудандық «Нұр Отан» ХДП-ы филиалының орынбасары М.Балхожаев қатысты.

Қабылдауға аудан тұрғындары Д.Ниязбекова және С.Исметов  келіп, сот төрағасына өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді

12/09/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгеруші мен сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережелерін талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (12.09.2017 ж.)

12/09/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидат:

1. Арал  аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы  (С-R-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

Болатбеков  Акылбек  Болатбекулы;

Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды

12/09/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы Ж. бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлап алып кетіп, жәбірленушіге қаржылай зиян келтірген.

Аталған істі сотта қарау барысында жәбірленуші сотталушымен татуласқанын, келген зиянды толық қайтарғанын, бұл істі медиация тәртібімен реттегендерін, медитивтік шартын жасап, өздерінің келісімге келгендіктерін көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

12/09/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен айыпталған Тәжікстан Республикасының азаматы Н-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Тәжікстан Республикасының азаматы Н. Қазақстан Республикасына келіп ішкі істер органына тіркелген .

Алайда, құқық бұзушы көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.