Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» әкімшілік іс бойынша жәбірленуші Д.Маден келіп, «Төрелік» жүйесі арқылы электронды түрде өтініш пен арыз беру тәртібі бойынша сұрақтар қойды. Қабылдауды жүргізген сот төрағасы Мейрамбек Ибрашев қойылған сұрақтарға толық жауаптарын беріп, құжаттарды беру тәртібін және заңмен көзделген қарау мерзімдерін түсіндірді.

«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында, белгіленген кесте бойынша айына бір рет өткізіледі. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі