Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьялары оқып-үйрену сабақтарын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында облыстық соттың оқу орталығының оңтүстік аймағы бойынша судьяарының кезекті  семинар-сабағы  өткізілді.

Семинарға Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандық соттарының судьялары  қатысып,  білімдерін жетілдірді.

Семинар барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы Нормативтік қаулысының талаптарын баяндаса, Шиелі аудандық сотының судьясы Ә.Түбекбаева «ҚР еңбек заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында, өз кезегінде Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов «Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың сот тәжірибесі» жайлы баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар алаяқтық санатындағы қылмыстық істерді қарау барысында ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының талаптарын бұлжытпай орындап,  сотталушылардың жасаған әрекеттерінің  алдын ала тергеп-тексеру органдарымен дұрыс саралануын  жан-жақты тексеріп, заңда көзделген жазаны дұрыс тағайындауды жүзеге асыру қажеттігін, ҚПК-нің үкім шығару көзделген 46-тарауының талаптарын мұқият сақтап, сот актілерінің сапасын арттыру қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды қарау барысында дауды сотқа дейінгі алдын-ала шешу тәртібінің сақталуын тексеру,  қызметкермен еңбек шартын бұзу барысында еңбек заңнамасының талаптарының сақталуын жан-жақты зерделеуге жататынына тоқталды.

Мұнан өзге отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің шеңберін дұрыс анықтау, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан тұлғаның әрекетінің дұрыс саралануын тексеріп, заңды шешім қабылдау қажеттігіне назар аударылды.

Семинарға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында қатысушылар Шиелі аудандық сотының музейінде болып, онда қойылған сот тарихынан сыр шертетін құнды деректермен танысты.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі