Әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы  аудандық сотында азамат Ғ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен №25 орта мектептің өрт қауіпсіздігі жағдайына байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру барысында өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің бұзылуы анықталып, төтенше жағдайлар бөлімімен аталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілген. Ұйғарымның орындалуын тексеру үшін қайта өрт-техникалық тексеру жүргізу барысында, ұйым тарапынан аталған бұзушылықтардың жойылмағандығы анықталған.

Сотта аталған мектеп директоры Ғ. көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қаржы қажет екенін, ол үшін Қазалы аудандық білім бөліміне жүгінгенін, алайда қаражат бөлінбеуінен кемшіліктердің жойылмағанын көрсетті.

Сот, Ғ-ның өз қызметтік міндеттерін орындап, бұзушылықтарды жою туралы тиісті шаралар қолданып, оның әрекетінде құқық бұзушылықтар бойынша  нұсқаманы қасақана орындамау фактісі орын алмағанын анықтап, азамат Ғ-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен қозғалған әкімшілік істі, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі