Көлік құралын алкагольді масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік іс бойынша азамат А. «ВАЗ 21104» маркалы автокөлігімен «Шымкент-Самара» тас жолының бойында алкагольді масаң күйде басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. 

Азамат А-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен және  медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде  көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлiк құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген. 

 

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі