Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Оңалту және банкроттық заңының қолданылуы» тақырыбында жергілікті баспасөз өкілінің  қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингті судья М.Сарсенов жүргізді.

Судья М.Сарсенов оңалту және банкроттық заңнаманы қолданудың сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелеріне тоқталды. Осы Заң кредиторлар талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға дәрменсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, жеделдетілген оңалту рәсімін, қолдану және борышкерді банкрот деп тану негіздерін белгілейді, сондай-ақ оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізудің тәртібі мен шарттарын айқындайтындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, судья М.Сарсенов статистикалық мәліметтерге тоқталып,   2017 жылдың 8 айында  сот әділдігін жүзеге асыру барысында  оңалту және банкрот деп тану бойынша 201 арыз түскенін, және 133 азаматтық ісі бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Сөз соңында судья М.Сарсенов түскен сұрақтарға жауап беріп, қатысқанына алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі