Қармақшы аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық сотта «Қылмыстық істер бойынша сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған шараға аудандық соттың төрағасының міндетін атқарушысы Лаура Алибекова, аудандық сот судьясы Ермек Құтыбаев,  аудан прокурорының аға прокуроры  Ерлан Мұхтаров, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов және кент әкімідігінің орынбасары Алмат Қойшыбаев қатысты.

"Дөңгелек үстелде" пробация қызметінің аға инспекторы Ж.Жүнісов «Қылмыстық істер бойынша сотталушыларды қоғамдық жұмысқа тарту мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

Ж.Жүнісов өз баяндамасында, сотталушыға тағайындалған қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның орындалуы тәртібі, оның мерзімін есептеу, жазаны өтеу шарттары, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы және жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктеріне қатысты тоқталып өтті.

Талқылау кезінде қатысушылар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жиірек өткізу жөнінде пікір білдірді. 

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі