«Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  облысы  бойынша  соттардың  мемлекеттік тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту  жөніндегі  2017 жылға  арналған  жұмыс  жоспарына сәйкес, құқық қорғау қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейту»  тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  өткізілді.

Сот төрағасы М.Ибрашев мемлекеттiк тiлдің – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот жүйесінде қолданылатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының  әрбір азаматының парызы  екендігіне тоқталды.

Іс-шара соңында «дөңгелек үстелге» қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасоз қызметі