«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін «Ашық есік күні» өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты сұрақтарымен Шиелі аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы қабылдайды.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8-72432) 4-28-76 телефон номеріне хабарласуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі №11 «а»

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі