Жүргізілген татуластыру рәсімдері, отбасын сақтап қалуға мүмкіндік берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісімді бекітіп, тоқтатты.

Талап қоюшы Д. талабында, жауапкер Б-мен заңды некеде тұратынын, ортақ некеден кәмелетке толмаған төрт балаларының барын, араларында өзара түсіністік пен бір-біріне деген сыйластықтың жоғалуына байланысты жауапкермен некелік қатынастың үзілгенін, татуласудың мүмкін еместігін, мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, осыған орай араларында тіркелген заңды некені татуласу мерзімін тағайындамай бұзуды сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 165 бабының 16 тармақшасына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында, тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабарлама жолданған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа жазбаша өтінішхат түсіріп, екеуара некені сақтап қалу жөнінде жасасқан келісімді ұсынған.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі