Жалағаш аудандық соты «Қылмыстық істер бойынша қамаққа алу, қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаларының орындалу мәселесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, судья Т.Темірбаев, аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусінов, аудан прокуроры С.Т.Будыков, аудандық пробация бөлімінің аға инспекторы Е.Асқаров, аудандық ішкі істер бөлімі, сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Мизанбаев  өз сөзінде қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұратынын, ал қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіретінін айтып өтті. Сонымен бірге, қамаққа алу отыз тәуліктен тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге белгіленетінін ал, қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан үш жүз сағатқа дейiн белгiленетінін жеткізді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар қылмыстық істерді қарау барысында осы жазалардың кеңінен қолданылуы, орындалуы, жазаны орындау барысында туындайтын қиындықтар бүгінгі күні өзекті тақырып болып табылатынын атап өтті.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Е.Асқаров өз баяндамасында сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту жазасының орындалуы мен орындалу барысында туындайтын мәселелерге тоқталды.

Іс-шара соңында аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев қатысушыларды, жазаларды орындау барысында қиындық тудырып отырған мәселелерді бірлесіп шешуге  шақырды.  

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі