Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Л. талап қоюшы К-дан 135 000 теңге қарызға ақша алған, жауапкер оның 25 000 теңгесін берген, қалған 110 000 теңгесін талап қоюшы осы уақытқа дейін ала алмай жүрген.

Істі қарау барысында сот тарапынан талап қоюшы К. мен жауапкер Л. дауды медиация тәртібімен шешу жөніндегі құқықтары түсіндіріліп, осыған орай, тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш хаттарын беріп, онда медиацияны іс бойынша төрағалық етуші судьяның жүргізуін өтінген және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін, сондықтан осы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Талап қоюшы К. және жауапкер Л. арасында жасалған медиациялық келісімі сотпен  бекітіліп,  іс  өндірістен  тоқтатылды.

Ұйғарым  заңды  күшіне  енген  жоқ.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі