5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы К. өз басқаруындағы автокөлігін алкогольді масаң күйде, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі Қағидаларының (ЖЖҚ-ның) 2.4.2 және 13.8 тармақтарының талаптарын бұзып, «Тобол-Лисаковскпо» айналмалы жолында «С» ЖШС-не қарасты автокөлікке соқтығысып, мүліктік залал келтірген.

Сот қаулымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі