«Ашық есік күні» өткізіледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 06 қазанында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7242) 55-97-80 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 мекен-жайынан ақпарат алуға болады.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі