Арал аудандық соты, аудандық прокуратура және аудандық ішкі істер бөлімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев, аудан прокуроры Б.Тоқмырза және аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Қосбармақов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Шараға аудандық соттың судьялары, прокуратура, Ішкі істер бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

Меморандумның мақсаты – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді түрде енгізу жөнінде өзара іс-қимыл жасауды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Қол қою рәсімінде сот төрағасы Е.Тұрбаев бұл меморандумның Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген, дауды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын дамыту мен нығайтуға бағытталған ойларын айқындайтынын, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақытылы және сапалы қорғаудың жүйелі шешімдерін табуға сеп болатындығын тілге тиек етті.

Шараға қатысушыларда Меморандум шеңберінде жасалатын өзара ынтымақтастық нәтижесіне сенімдерін білдірді.

Тараптар өзара ынтымақтастыққа әзір екендіктерін білдіріп, алдағы атқарылуға тиіс мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға тиісті шаралар қабылдайтындықтарын айтты.

Бұдан соң шараға қатысушылар, сот ғимаратынан ашылған медиация кабинетінің жұмысымен танысып,  медиация кабинетінің кажетті жиһаздармен және методикалық құрал-жабдықтармен жабдықталуын, сол сияқты бағыт-бағдар беріп тұратын, медиацияны жүргізу қағидаттары мен медиаторлардың тізімі сияқты қажетті ақпараттар қамтылған арнайы стендтердің орналастырылғанын оң бағалады.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі