Архив событий

26/09/2016

«Гибридтік электрондық пошта арқылы «Төрелік» АС-ке сотқа шақыртулар жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

26/09/2016

Қызылорда қаласының №2 соты сот қызметкерлерінің қатысуымен «Гибридтік электрондық пошта арқылы «Төрелік» АС-ке сотқа шақыртулар жолдау тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова гибридтік электрондық пошта арқылы сотқа шақыртулар жолдау тәртібінің негізгі жақтарын түсіндіріп өтті. Гибридтік пошта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеткізілетін қағаз почта.

«Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

26/09/2016

Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысын кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Қазыбеков  ашып, бүгінгі оқып-үйрену сабағының әрбір сот қызметкері үшін маңыздылығын атап өтіп, тақырып бойынша баяндама жасады.

Жеңіспен құттықтаймыз!

26/09/2016

Республика судьяларының тартысты додасында Қызылорда облысы соттарының судьялар командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, Сыр судьяларының командасы мини футболданбірінші орын алды, команданың құрамында Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов, судьялар Б.С.Пазылов, Ә.М.Жұмабаев, Т.Қ.Жүсіповтер  ойнады.

Әмірхан Жұмабаев «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп танылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу

26/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сотының төрағасы, ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері және аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қатысты.

Байқоңыр қалалық сотында «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

26/09/2016

Байқоңыр қалалық сотында «Жаңа еңбек кодексі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот төрағасы М.Тұрғанбаев және сот мамандары,  сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметкерлері қатысты.

Ювеналды соты Еңбек ардагері, отставкадағы судьясын «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады

26/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы еңбек ардагері, отставкадағы судья Зина Ізбастықызын Қазақстан Республикасының «Еңбек күні» мерекесімен құттықтады.

Кеңсе меңгерушісі Мөлдір Асанова Зина Ізбастықызына зор денсаулық, таусылмас бақ-береке,  шаңырағына  шаттық пен  қуаныш   тілеп, арнайы дайындалған адресат пен гүл шоғын табыстады.

Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/09/2016

Қызылорда  облысы  бойынша  соттардың  мемлекеттік тілдің  қолданылу  аясын  кеңейту  жөніндегі  2016 жылға  арналған  жұмыс  жоспарына  сәйкес,  22 қыркүйек  2016 жылы  құқық  қорғау  қызметкерлерінің   қатысуымен  мемлекеттік  тілдің  қолдану  аясын  кеңейту  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Сот  төрағасы  М.Ибрашев мемлекеттiк тiлдің - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi екендігін атап өтті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

26/09/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман - баспасөз хатшысы Р.Хизатова жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

3 адам топ мүшелері болып, екінші бір топ мүшелеріне барып, 40 метрдей жерден атыс қаруымен бірнеше адамдардың өміріне қауіпті оқ атқан, нәтижесінде адам қаза болған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

«Ашық есік күні»

26/09/2016

23 қыркүйек 2016 жылы Сырдария аудандық  сотында  «Ашық есік күні» өтті.

Дәстүрлі шара шеңберінде келген азаматтарды сот төрағасы А.Абдулла қабылдады.

Іс-шараға Тереңөзек кентінің тұрғыны Р.Балманова қатысып, өзінің отбасылық-тұрмыстық мәселесіне қатысты сауалдарын қойды.

Сот төрағасы қабылдауда болған азаматшаға заң нормаларын  түсіндіріп,  сауалына толық жауап  берді.          

 

    

Сот құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін қамау жазасын тағайындады

26/09/2016

21 қыркүйек 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігімен құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Н. Тереңөзек кенті, Қазақ көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында арақ ішкен мас күйінге былапыт сөйлеп, айналасындарға сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында құқық бұзушы Н. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Аудандық соттың судьясы брифинг өткізді

26/09/2016

Арал аудандық сотында 21 қыркүйек 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру сипатында қаралған қылмыстық істер» тақырыбында  брифинг өтті.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 27-тарауына сәйкес, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/09/2016

Жуырда Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 27-тарауына сәйкес, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық  бұзушылықтар тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және Қызылорда облысы бойынша экология Департаментінің қызметкерлері  қатысты.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (26.09.2016 ж.)

26/09/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1.Қызылорда облысы бойынша  соттар  әкімшісінің құжаттамалық  қамтамасыз  ету  басқармасының  бас маман-сот мәжілісінің  хатшысы (С-О-5 санаты 1 бірлік) лауазымына: Амиралиев  Баглан  Талгатович;

Қызылорда облыстық соты облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізеді

26/09/2016

2016 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қызылорда облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтеді.