Архив событий

23/09/2016

Облыстық сотта «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс өтті

23/09/2016

Бүгін облыстық сотта Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша үміткерлермен әңгімелесу өтті.

Әңгімелесуге Мемлекеттік қызмет істері агентігінен байқаушы, арнайы бекітілген конкурстық комиссия қатысты.

«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында өткізілген конкурста бірқатар мамандардың біліктіліктері тексерілді.

Конкурс нәтижесі алдағы уақытта жарияланады.

Шиелі аудандық сотында «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

23/09/2016

 Шиелі аудандық сотында «Еңбек еткеннің –мерейі  үстем» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

«Еңбек күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге аудандық сотының  төрағасы, судьялары,  сот  жүйесінің  ардагері  Т.Баймағабет, кәсіби  емес медиатор А.Батырбаев,  аудандық прокуратура өкілі, адвокаттар, кеңсе  мамандары  және  БАҚ  өкілдері   қатысты.

Судьялар съезіне байланысты насихаттау жұмыстары жүргізілуде

23/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков және судьясы Р.Шамшиев Астана қаласында өтетін судьялардың VII съезіне қатысады.

Судьялардың VII съезі қарсанында,  судьялар насихаттау жұмыстарын жүргізуде, яғни   сот төрелігінің ашықтығын, азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судялары брифингтер өткізіп, БАҚ құралдарына мақалаларын жариялап, телеарналарда сұхбат беруде.

Қызылорда қаласының №2 сотында семинар сабағы өткізілді

23/09/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында «ҚР соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова ашып, сөз кезегін бас маман сот отырысының хатшысы Ж.Қасымоваға берді.