Архив событий

10/09/2016

Қызылорда облыстық сотының қызметкерлері сенбілік өткізді

10/09/2016

2016 жылдың 10 қыркүйек күні Қызылорда облысы соттары жаппай сенбілікке шықты.

Сот қызметкерлері жыл сайын соттардың аумағын тазартумен көгалдандыру жұмыстарына қатысады, сонымен қатар қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуда.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сенбілікке шыққан сот қызметкерлері сот аумағының тазалануына белсене ат салысып, көшелермен қатар, арықтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сенбілік өткізілді

10/09/2016

2016 жылдың 10 қыркүйегінде  Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері сот ғимараты аумақтарының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында сенбілік өткізді.

Қызметкерлер сенбілікке белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізу барысында сот отырысының мәжіліс залдарын, өздерінің кабинеттерін, сот кеңсесін және ауласын тазалады.

Сенбілік жұмыстары жүргізілді

10/09/2016

10 қыркүйек 2016 жылы Сырдария аудандық сотында сенбілік өткізді.

Сот қызметкерлері сот аумағын жинастыру жөніндегі жұмыстарды атқарды. Қажетті құралдармен қамтылған қызметкерлер белсенді түрде аумақты жапырақтар мен кепкен бұталардан тазартып, ғимарат аумағын жинастырды.

 

Сот қызметкерлері сенбілік өткізді

10/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе қызметкерлері сот ғимаратының және олардың айналасының тазалығын сақтау мақсатында сенбілік өткізді.

Сенбілікте сот ғимаратының айналасында тазалық жұмыстары жүргізіліп, темір қоршаулар боялып,  ағаштар әктелді, сонымен қатар ғимарат ішіндегі қызметтік бөлмелерге және сот залдарында тазалық шаралары жасалды.

Сенбілік өз дәрежесінде өтіп, сот ауласындағы тазалық жұмысы ойдағыдай аяқталды.