Архив событий

09/09/2016

«Ашық есік күні» өткізілді

09/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды судья Қ.М.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға қала тұрғыны А. қатысып, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Судья Қ.Бержанов қабылдауда болған азаматтардың заң нормаларын түсіндіріп, сауалдарына  жауап  берді.

ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өткізілді

09/09/2016

2016 жылдың 8 қыркүйегінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша үйрену сабағы өтті

09/09/2016

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша үйрену сабағы өтті.

Барлығымызға белгілі болғандай 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап соттардың қолданысына «Төрелік» ақпараттық бағдарламасы енгізілді, бұл сервис мәліметтермен тез алмасуға мүмкіндік береді және қолданыста бар барлық электрондық сервистермен интеграцияланған.

Іс қағаздарын жүргізу ережесі

09/09/2016

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Басшысының 05.03.2016ж. қаулысымен бекітілген «Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбына сот мамандардың қатысуларымен зерделеу семинар сабағы өтті.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/09/2016

Арал аудандық сотында ескі редакциядағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған Д-ның қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Д. азамат Ж-ның тұрғын үйіне барып, үйде адам жоқтығын байқап, тұрғын үй ауласының ішіне заңсыз кіріп, құны 23 000 теңге болатын 200 литр дизель майын жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар-тренинг өткізілді

09/09/2016

2016 жылдың 7 қыркүйек күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасының соттарында бейнеконференциялық байланыс жүйесін пайдалана отырып сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарын жұмыста қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері қатысты.

«Жемқорлық мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді» тақырыбында семинар сабағы өтті

09/09/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың қыркүйек айының  02 жұлдызында «Жемқорлық мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді»   тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі  және  кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында Қызылорда қаласының №2 сотының сот жасауылы Ғ.Жаңабаев өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде саяси дамуына қарамастан қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде әлі де бар және олардың тек ауқымымен ғана ерекшеленеді.

Жаңақорған аудандық сотымен 2016 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізілді

09/09/2016

7 қыркүйек 2016 жылы Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің қатысуымен ағымдағы жылдың 8 айда қаралған істер жайлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында ағымдағы жылдың сегіз айында сотпен қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік қөұқық бұзушылық істердің қаралуы мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру, сот істерін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы аталып,  статистикалық есептерге тоқталып, жария етілді.

Өртпен жасалған адам өлімі

09/09/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 115-бабымен (қорқыту) және 99-бабының 2-бөлігінің 5 тармағымен (адамды аса қатыгездікпен өлтіру) айыпталған сотталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Тіркелмеген қаруды заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

09/09/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Б. Қармақшы ауданы, Шымкент-Самара тас жолында ішкі істер органдарында тіркелмеген екі ұнғылы қаруды заңсыз иеленіп алып жүріп, тасымалдағаныф анықталды.

Сот, құқық бұзушы Б.-ні Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, аңшы қаруын мемлекет пайдасына тәркілеп, 29 694 теңге  айыппұл салу жазасын тағайындады.

Қызылорда да сақтандыру компанияларының өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

09/09/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Әкімшілік істер бойынша қаулылардың электрондық нұсқасын сақтандыру компанияларға электрондық түрде ұсыну» пилоттық жобасын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, облыстық соттың бөлім басшылары, Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі және  сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты.