Архив событий

22/09/2016

Қазақстан Республикасының судьяларының VII съезі насихатталуда

22/09/2016

Қазақстан Республикасының судьяларының VII съезінің қарсаңында, Арал аудандық сотымен Арал қаласының орталығында аталмыш тақырыпта билборд орнатылды.

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы 2016 жылдың қазанында Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезін шақыру туралы қаулы қабылдады. Съезд Астана қаласында өтеді.  

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

22/09/2016

Құқық бұзушы Е. Қызылорда қаласы, Тәуке хан көшесіндегі үйінде жан-жал шығарып, анасы азамат К-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзған.

Құқық бұзушы Е. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, 1  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

 

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

22/09/2016

Қызылорда қалалық № 2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық №2  сотының судьясы Б.Жаңабаев  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Пробация қызметінің ұсынысы қаралды

22/09/2016

Қармақшы аудандық соты Қармақшы аудандық пробация қызметінің сотталушы Ш-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

22/09/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен сотталушы А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы А. өзі тұратын үйдің ауласында жәбірленуші К-ның сол жақ бүйрек тұсына пышақ сұғып, ауыр дәрежелі дене жарақатын келтіріп, осының салдарынан К. ауруханада қайтыс болып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасаған.

Қоғамдық орынды ластаған

22/09/2016

Құқық бұзушы кәмелет жасына толмаған С. Қызылорда қаласы, Тоқмағамбетов көшесі №2 үй ауласында, полиэтилен пакетін жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, ұсақ бұзақылық іс әрекетті жасаған.

Құқық бұзушы кәмелет жасына толмаған С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 68-бабының талабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатылып, ӘҚБтК-нің 69-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес заң талаптары түсіндірілді.

 

«Төрелік» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша семинар сабағы өткізілді

22/09/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында  «Төрелік» ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағына сот кеңсесінің мамандары қатысты.  Семинарда жетекші маман Т.Ғалымжанқызы  баяндама жасады.

Семинар  барысында сот мамандарына «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібі, кіріс, шығыс және ішкі хат-хабарларды жолдау,  қылмыстық істерді тіркеу, осы істер бойынша электронды карточкаларды толтыру тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді.

Судья Рысдаулет Шамшиев «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді

22/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Р.Шамшиев «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, бағдарлама тақырыбы «100 нақты қадам» бойынша  сұхбат берді.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-5), (C-R-4 санаттары) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

22/09/2016

2016 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос /уақытша  бос/ әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Cот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

22/09/2016

Бүгін Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты  қызметкерлері  арасында  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметшілерінің  әдеп  кодексі  тақырыбында  семинар өткізілді.

Семинарда Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотының  кеңсе  меңгерушісі  А.Аблаева  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен  бекітілген  Мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  әдеп  қағидалары  тоқталды.

Балалармен кездесу уақыты белгіленді

22/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. 

Сотта, талапкер Б. жауапкер Ж. мен  заңды некеде тұрған, осы некеден кәмелетке толмаған Д. және М. есімді балалалры дүниеге келген, қазіргі таңда олар жауапкердің тәрбиесінде, алайда балалардың тәрбиесімен айналысуына кедергісін келтіріп, кездестірмей отырғандығын көрсетті, сол себептен сотқа жүгініп, кәмелетке  толмаған  балаларымен кездесу уақытын  белгілеуді сұрады.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

22/09/2016

Қызылорда қалалық сотында «Коррупцияның алдын-алудың негізгі принциптері» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға қалалық сот судьялары, кеңсе мамандары және күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.

Қалалық соттың сот приставы Е.Елубаев «Коррупцияның алдын-алудың негізгі принциптері» тақырыбына баяндама оқыды. Семинарға қатысушылар жұмыс барысында туындайтын сұрақтарды талқылап, өзара пікір алмасты. 

Сора өсімдігін ірі мөлшерде заңсыз егіп өсірген

22/09/2016

Арал аудандық сотында сотталушы С-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. 2016 жылдың мамыр айынан бастап үйінің ауласында құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған 16 түп сора өсімдігін ірі мөлшерде заңсыз егіп, өсірген. Сотталушы С. 2016 жылы 22 тамыз күні Арал аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен жедел іс шаралар жүргізу барысында ұсталған.

ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтамаған

22/09/2016

Құқық бұзушы Қ. өзінің басқаруындағы «Renault Duster» маркалы автокөлігін Абай даңғылы бойымен бағыты оңтүстікке қарай басқарып келіп, №45 көпқабатты үй тұсында, ҚР жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтамай, оңға қатар ауыстыру барысында, оң жағында бағыттас қозғалып келе жатқан азамат Н. басқаруындағы «Mercedes Benz 230 E» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысқан. Нәтижесінде «Mercedes Benz 230 E» маркалы автокөлігіне материалдық залал келген.

Қызылорда қалалық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

22/09/2016

Қызылорда қалалық сотында «Сот актілерінің орындалуы»  тақырыбында  дөңгелек үстел   өтті.

Іс-шараға сот судьялары, кеңсе меңгерушісі, қала әкімі аппаратының  өкілдері, қорғаушылар, жеке сот  орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында кеңсе меңгерушісі хабарлама жасап, сот актілерінің орындалу мәселелеріне баса назар аударды. Сот шешімдерінің қаншалықты тез және сапалы орындалуына байланысты, азаматтардың соншалықты сот жүйесіне деген сенімі болатындығы жөнінде айтып өтті.  

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында байқау өткізілді

22/09/2016

22 қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес бес тапсырманы орындап, «Таныстыру», «Сұрақ-жауап», «Логикалық тапсырма», «КАЗТЕСТ», «Үй тапсырмасы»  кезеңдері бойынша сыналды.

Жаңақорған аудандық сотында «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында колледж студенттерімен кездесу өткізілді

22/09/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов «Еңбек күні» мерекесіне орай аудандық аграрлық-техникалық колледжінің ғимаратында колледждің жоғарғы курс студентерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Жаңақорған ауданының аграрлық-техникалық колледжінің директоры М.Ахметов, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев, колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты.