Архив событий

07/09/2016

Алимент мөлшері төмендетілді

07/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынның соттылығына 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «алимент мөлшерін азайту» санатындағы азаматтық істерді қарау қосылды. Осыған орай аталған санат бойынша 71 талап арыз келіп түскен, оның ішінде 51 сот шешімімен аяқталып, 49 қанағаттандырылды.

Қоғамдық орында мас күйінде жүрген

07/09/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы А. бұрын көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде жүргені үшін бір жыл ішінде үш рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, кафе алдында алкогольдік ішімдікті ішіп қоғамдық орында мас күйінде жүргені анықталды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

07/09/2016

Жаңақорған аудандық соты азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Р.  Маңғышлақ – Алматы жолаушылар поездының  вагонында алкогольдік масаң күйінде балағат сөздер айтып, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаларға қорлап тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Медиатор тараптарды татуластырды

07/09/2016

Жанақорған аудандық сотында ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі 3 тармағы  (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалды сотталушы толықтай өтегенін және өздері медиатордың қатысуымен татуласқандарын баяндап, қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартуды сұраған.

Қылмыстық іс тараптардың медиатордың қатысуымен татуласқандарына байланысты қысқартылды.

«Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу қағидасы тақырыбында семинар сабағы өткізілді

07/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары мен қызметкерлері арасында «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу қағидасы тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарды кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, істерді автоматты түрде бөлудің маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Заңсыз аң аулау

07/09/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігімен айыпталғандар Д. және Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мотоцикл көлік құралымен, жарық салғыш және 12 калибрлі аңшы мылтығын қолданып, 12 дана жабайы қояндарды атып, яғни заңсыз аң аулаумен айналысқан.

Сот үкімімен сотталушылар Д. және Т. кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына аң аулау құқығынан айыру және 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы және мемлекетке келтірілген залал 127 260 теңге өндіру тағайындалды.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

07/09/2016

Қазалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының   1 бөлігімен айыпталған  А.-ның  қылмыстық ісі медиация тәртібімен  қысқартылды.

Сотта, азамат А. Әйтеке би кентінің орталығында орналасқан базардың ішінде жәбірленуші Б-ның сатуға арналған киімдерін ұрлап, жәбірленушіге 45  000 теңге материалдық залал келтіргені анықталды.

Судья Б.Жаңабаев радиодан сұхбат берді

07/09/2016

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Б.Жаңабаев  Қызылорда қаласының «Сета Медиа» ЖШС-нің «НС» радиосының жаңалықтар топтамасында «Медация заңын кеңінен қолданылуы» тақырыбында ақпарат берді.

Сұхбат барасында  судья  бүгінгі таңдағы Медиация заңының сот істерінде қолданылу жағдайы, оның тиімділігі мен маңыздылығын айта кетіп, сондай ақ, медиацияның мақсаттары дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылатынын атап өтті.

Қызылорда қаласының №2 сотында семинар сабағы өткізілді

07/09/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен  босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның 2011 жылғы 29 сәуірдегі №39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы бойынша  семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова ашып, сөз кезегін бас маман М.Бекетоваға берді.

Алкоголь өнімін өткізу туралы талаптарды сақтамаған

07/09/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы жеке тұлға З. Қызылорда қаласы Баймағанбетов  көшесінде орналасқан дүкенінде алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын сақтамай, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын 1 шөлмек арақты сағат 21:00-ден кейін азамат К-ға сатқан.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы З.  ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен  кінәлі  деп танылып, оған 21210 теңге айыппұл салынды.

Семинар сабағы өткізілді

07/09/2016

Арал аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өтті.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

07/09/2016

Жаңақорған аудандық соты азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Р.  Маңғышлақ – Алматы жолаушылар поездының  вагонында алкогольдік масаң күйінде балағат сөздер айтып, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаларға қорлап тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың сапасы

07/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың сапасы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев,  аудандық ІІБ-ның орынбасары С.Сыздық, қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Алимент төлеуден жалтарған

07/09/2016

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, құқық бұзушы К. Сырдария аудандық сотының 7.12.2012 жылғы кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына барлық тапқан табысының 1/3 бөлігін Н.-нің пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2014 жылдың наурыз айынан бастап орындамағаны анықталды. Қазіргі таңда алимент бойынша қарызы 1027482  теңгені құраған.

Ұсақ бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылды

07/09/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. Арал қаласы, Әбілхайыр хан көшесі бойында өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 847 теңге айыппұл салынды.