Архив событий

15/09/2016

Қызылордада сот приставтары аттестациядан өтті

15/09/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі, жергілікті және оған теңестірілген аудандық  соттардың сот приставтарының кәсіби даярлығы тексерілді.

Аймақтық соттардың 17 сот приставтары нормативтік құқықтық актілерді білу (« Сот приставтары» туралы Заңы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі және басқа да құрылымдық ережелері бойынша) және физикалық дайындықтарын тексеру (100 метрге жүгіру, турникке тартылу, қолды бүгіп жазу) бойынша сынақ тапсырды.

Қылмыстық сотта дөңгелек үстел өткізілді

15/09/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы атқару  құжаттарын электронды түрде жолдау кезінде туындайтын қиындықтар» тақырыбы бойынша  дөнгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының міндетін атқарушы судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Н.Қалиев, Қызылорда облысы Әділет Департаментінің өкілі Ж.Абсат, ЗК 169/5 мекемесінің өкілі Ә.Бесбаева және сот қызметкерлері қатысты.

Банктік берешек сот шешімімен өндірілді

15/09/2016

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Finance» арнайы қаржы компаниясы  ЖШС-нің жауапкер Қ-дан несие берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қарады. 

Жауапкер Қ. сотқа берген түсінігінде талапты толық мойындап, несие берешегін төлей алмағанын және алдағы уақытта уақытында несиесін  төлейтінін айтты.

Жоғарыда айтылғандар негізінде сот талап қоюшы «Finance» арнайы қаржы компаниясы  ЖШС-нің  талабын толық көлемде қанағаттандырып, жауапкерден қарызды өндіру  туралы шешім қабылдады.

Қалалық сотта дөңгелек үстел өтті

15/09/2016

Қызылорда қалалық сотында дөңгелек үстел басында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және сот органдарында электронды технологияларды қолдану мәселелерін талқылау үшін судьялар мен  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кездесті.

Дөңгелек үстел жұмысына  сот төрағасы, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері және сот мамандары қатысты.

Байқоңыр қалалық сотында «Құқықтық мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/09/2016

Бүгін, Байқоңыр қалалық сотында төраға міндетін атқарушы Е.Шевцованың, қалалық сот судьясы мен сот қызметкерлерінің, сондай-ақ Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары Е.Алмазұлының, ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің орынбасары Т.Қалжановтың, Байқоңыр қаласы сот орындаушылар бөлімі басшысы Ж.Баекееваның, әділет органы мен жергілікті әкімшілік мамандарының қатысуымен «Құқықтық мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот ұсақ бұзақылық үшін айыппұл тағайындады

15/09/2016

Қазалы аудандық  сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы А-ның Қазалы станциясы темір жол вокзалының ішінде былапыт сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

                                              

Сот 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағйындады

15/09/2016

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы К. Арал қаласы, Әбілхайыр хан көшесі бойында өзінің басқаруындағы автокөлігімен, жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сотпен айыппұл тағайындалды

15/09/2016

Арал аудандық сотында жеке кәсіпкер А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға 2009 жылы берілген мемлекеттік лицензиясы бар жеке кәсіпкер А. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 472-бабының 3-тармағының талаптарын сақтамай, 2016 жылдың лицензиялық алымын белгіленген мерзімде төлемегені анықталды.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

15/09/2016

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Т. Тереңөзек кенті, Амангелді көшесінің бойына коммуналдық қалдықтарды, яғни  қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынын ластаған, яғни төңірегігіндегілерге сыйламаушылық білдіргені анықталды.

Сот қызметкерлері Отбасы күнімен құттықтады

15/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы Отбасы күні-сот мәжілісінің хатшысы Меруерт Байзақованы айтулы мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Бас маман-сот отырысының хатшысы М.Байзақова төрт баланы дүниеге әкеліп, жолдасымен бірге олардың тәрбиесімен айналысып келеді.

Сот ұжымы алғыс хатымен құттықтап, бақыт пен қуаныш тілеп, ізгі тілектерін білдірді.