Архив событий

21/09/2016

Қызылорда қалалық сотында «Мемлекет пайдасына жер учаскелерін алу туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/09/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.Бабатовтың, судьялардың және прокурорлар мен жер пайдалануды бақылаушы мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен «Мемлекет пайдасына жер учаскелерін алу туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде осы санаттағы талап қою арыздарын қарау барысында азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбау және атқарушы органдармен жасалып жатқан жұмыстардың мақсатты іске асырылуын қамтамасыз ету үшін туындауы мүмкін сұрақтар талқыланды.

Сот татуласу келісімін бекітті

21/09/2016

Қызылорда қалалық соты азамат А-ның жауапкер Д-дан берешекті өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. жауапкерге 50 000 теңге тұратын су құятын ыдысты сатқан, ал жауапкер бір аптадан кейін ақшаны беруге міндеттелді, бірақ өз міңдетін орындамаған.

Сот отырысында тараптардың арасында дауды татуласу келісіммен реттеу туралы өтінішхаттары түсті.

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

21/09/2016

Құқық бұзушы А. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, Мұратбаев көшелері қиылысында автокөлігін басқару барысында жол-патрульдік полиция  қызметкерінің автокөлікті тоқтату туралы ысқырып сигнал берумен бір мезгілде таяқшамен көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін полиция қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы А.  ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қармақшы аудандық соты брифинг өткізді

21/09/2016

Қармақшы аудандық соты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Қ.Абдуллаев Қармақшы аудандық пробация қызметінің ұсынысына түсіндірме берді.

Сот құқық бұзушыға айыппұл тағайындады

21/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандырдың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен әкімшілік құқық бұзушыға айппұл салынды.

Құқық бұзушы М. мейрамхана   администраторы болып  қызмет  жасап  жүріп,  кәмелетке толмаған Ж-ны мейрамханада заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол берген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

21/09/2016

Шиелі аудандық сотында құқықбұзушы  А-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. Шиелі кенті Шәймерден көшесінің бойында, яғни белгіленбеген жерге бөтелкені тастап, қоғамдық  орынды  ластаған  және  қоғамдық  тәртіпті  бұзған.

Сот қаулысымен, азамат А.  ӘҚБтК-нің  434-бабы 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, жаза ретінде  1 тәулік мерзімге  әкімшілік  қамауға  алынды.

Сот қаулысы  заңды  күшіне  енбеген.

 

Қызылорда облысы соттарының судьялары Қарағандыда өтетін финалдық додаға қатысады

21/09/2016

2016 жылдың 21-25 қыркүйегі аралығында Қарағанды облысында республика судьяларының финалдық спартакиадасы өткізіледі.

Еске салатын болсақ, ағымдағы жылдың 2-3 маусым аралығында Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық стадионында өткізілген іріктеу спартакиадасында Қызылорда облысы жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Қызылорда облысы соттарының судьялары тартысты таласта мини-футбол, волейбол, үлкен теннис және бильярдтан бақ сынасады.

Мұндай жарыстар еліміздегі судьялар арасындағы сыйластықпен қатар достықтың одан әрі жандана түсуіне үлесін тигізеді.  

Жаңа озық технологиялар

21/09/2016

Сырдария аудандық сотында кеңсе мамандарының қатысуларымен «Ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі семинар сабағын ашып, хаттарды пошта байланысы және гибридті электронды түрде жолдау мәселелеріне  түсіндірме беріп өтті.

Сонымен қатар, семинар барысында «Сот істері бойынша тіркеу талондарын беру», «Сот кабинеті» жұмысы және «Сот отырыстарында аудио-бейне қондырғыларын қолдану» мәселелері талқыланды.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

21/09/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы С-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Тергеу судьясы қамаққа алуға санкция беруді, кепілге ауыстырды

21/09/2016

Жалағаш  аудандық сотының тергеу судьясы аудандық ауданы ішкі істер бөлімі тергеушісінің Р. қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қарады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігіне сәйкес билікөкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолданған деп айыпталуда.  

«Ашық есік күні» өткізілді

21/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында  азаматтарды қабылдау күні өтті, оның басты мақсаты қала және облыс тұрғындарын толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру.

Шара қатысушыларын аталған соттың судьясы Қ.Бержанов қабылдады.