Архив событий

05/09/2016

Ерлі-зайыптылар некелері бұзылғаннан кейін татуласты

05/09/2016

Байқоңыр қалалық сотымен некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Некені бұзу туралы шешім шығарылғаннан кейін ол заңды күшіне енгенше ерлі-зайыптылар С. және Б. өздерінің отбасын сақтағысы келетіндерін, татуласқарндарын көрсетіп шешімнің  орындалуын қысқартуды сұрап арыз тапсырды.

Жол көлік оқиғасын жасаған

05/09/2016

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік соты азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат М.  өзінің басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін Жібек жолы бойымен басқарып келіп, ҚР Жол жүрісі қағидасының 8-бөлімінің 6-тармағының талаптарын сақтамай, «Skoda Rapid» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысады, соның салдарынан, материалдық залал келтіргені анықталды.

Сот қаулысымен азамат М. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге айыппұл салынды

Тергеу судьясының рөлі

05/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Тергеу судьясының рөлі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы А.Абдулла., судья Ж.Жолдасов., аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев.,  аудандық ІІБ-ның орынбасары С.Сыздық., қорғаушы Қ.Жаппасбаева қатысты.

Сот кәмелетке толмаған ұлының бұзақылық жасағаны үшін әйел адамға әкімшілік айыппұл тағайындады

05/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азаматша К-ның өз тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған баласы қоғамдық жерде шемішке шағып, қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластағаны анықталды.

Заң нормаларын сақтау – әркімнің міндеті

05/09/2016

Арал аудандық сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Арал аудандық сотының сот мәжілісі залында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік істі қарау барысында, процеске қатысушы-құқық бұзушы У. сот отырысына алкоголь ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін әрекетті жасаған.   

Есірткіні заңсыз егіп-өсіргені үшін жаза тағайындалды

05/09/2016

Қазалы аудандық сотында сора өсімдігін егіп-өсірген сотталушы К-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат К. Әйтеке би кентіндегі өзінің үйінің ауласындағы бақшалыққа  құрамында есірткі заты бар өсіруге тиым салынған 2 түп сора өсімдігін егіп-өсірген.

Сот үкімімен азамат К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 (бір) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

05/09/2016

2016 жылдың қыркүйек айының 8 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Судьялыққа тағылымдамадан өтуші кандидаттардың есептері тыңдалды

05/09/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында судьялыққа тағылымдамадан өтуші кандидаттардың есебін тыңдау мақсатында Қызылорда облысы соттарының тағылымдамадан  өтуші қандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.