Архив событий

27/09/2016

Еңбек күні мерекесіне орайластырылған іс-шара

27/09/2016

Қатал халықаралық бәсекелестік пен дүниежүзілік жаhандану жағдайында еліміз аянбай еңбек еткенде ғана бақытты өмір сүре алатынымыз туралы Елбасы өз сөздерінде айтып келеді.

Президенттің 22 қараша 2013 жылғы Жарлығы негізінде республикамыздың аумағында «Еңбек күні» мерекесі қыркүйектің соңғы жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтілуде.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында брифинг өткізілді

27/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған істер жайлы, соның ішінде дене жарақатын салумен байланысты қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

27/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері  «Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл мерекенің негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау және Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында көп жылдық еңбек династияларының дәстүрін нығайту.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

27/09/2016

Байқоңыр қалалық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  азамат К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғанындай азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің анасына былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен өзімен бірге тұратын отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

«Еңбек күні» мерекесіне орай семинар сабағы өткізілді

27/09/2016

Қармақшы аудандық соты «Еңбек күні» тақырыбында семинар сабақ өткізді. Семинар сабағына аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері, аудандық әкімшілік мамандары, кеңсе мамандары қатысты.

Бас маман Р.Бисенова өз баяндамасында осы жылы Еңбек күні бірінші рет мерекеленгелі отырғандығын, оның негізгі мақсаты - Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылатынын атап өтті.

Судьялар пікір алмасты

27/09/2016

Жуырда Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен  семинар сабағы өтті.

Бас қосуға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинарды облыстық соттың судьясы Г.Танатова ашып, шара барысында алдын-ала бекітілген күн тәртібі бойынша талқылауға ұсынылатын мәселелерге кеңінен тоқталды.

Қызылорда қалалық сотының судьясы Ж.Сарбасова «Пәтерге меншік құқығын тану, пайдалану мерзімдері» тақырыбында баяндама жасады.

Қызылордада «Еңбек күні» мерекесіне орай іс-шара өтті

27/09/2016

Қызылорда облыстық соты «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараға отставкадағы судьялар Нүргүлсім Бесбаева, Зина Жаңбыршаева, Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова, Қызылорда облысы соттарының жас мемлекеттік мамандары және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.