Архив событий

19/09/2016

Медиация рәсімдерін қолдану

19/09/2016

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, әдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар өткізілді

19/09/2016

Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының судьясы, кеңсе қызметкерлері, аудандық ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары бойынша, лауазымдық  қызметтерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық түрлерінің  болдырмауына түсініктемелер берілді. 

Сот актісін орындаудан жалтарған

19/09/2016

Жалағаш аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Н. балаларына тиесілі заңмен бекітілген алимент бойынша берешегі 876 074 теңге бола тұра, сот актісін орындамағаны анықталды.

Сот қаулысымен Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен жауапкершілікке тартылып, оған 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 (жиырма бір мың екі жүз он) теңге айыппұл жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

«Сотта қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша кірістер департаментінің өкілі мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында, осы соттың жетекші маманы М.Наршаева, мемлекеттік тілімізді көтеру мақсатында, құжаттармен іс жүргізуді қазақ тілінде  жүргізуміз қажет екендігі жөнінде атап өтті.

Еңбек өтілі фактісі анықталды

19/09/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Ж-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды

19/09/2016

Шиелі аудандық сотында құқықбұзушы А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта, азамат А. қоғамдық орында бөтелкені белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған және қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен, азамат А. ӘҚБтК-нің  434-бабы 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған  1 тәулік мерзімге  әкімшілік  қамақ тағайындалды.

Сот қаулысы  заңды  күшіне  енбеген.

Судьялардың сьезін насихаттау жұмыстары жүргізілуде

19/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі судьялардың  сьездін жарнамалау жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру аясында, Астана қаласында 2016 жылы Республика судьяларының VII съезі өткізілу жоспарлануда.

Қалалық сотта дөңгелек үстел өтті

19/09/2016

Қызылорда қалалық соты «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнаманың жаңашылықтары» тақырыбында Қызылорда қаласы нотариустарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.