Архив событий

30/09/2016

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

30/09/2016

Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы М.Еркінбековке меншік құқығын тану туралы талап қою туралы сұрағымен азаматша С. жүгінді.

Шараның қорытындысы бойынша келушінің қойған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Қызылорда қалалық соты қызметкерлерінің Казкоммерцбанк АҚ-ның Қызылорда филиалы қызметкерлерімен кездесуі өтті

30/09/2016

Қызылорда қалалық соты қызметкерлерінің Казкоммерцбанк АҚ ҚФ қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуде банк қызметкерлері азаматтардың мүддесін қамтамасыз ете отырып, банк тарапынан атқарылып жатқан бағдарламалар жайында айтып берді.

Өз баспанасын алу және құрылыс жүргізу үшін іске асырылып жатқан тақырыптық бағдарламалар мен несие беру талаптары туралы айтып берді.  

Қызметкерлер тарапынан көптеген нақтылау сұрақтары қойылып, олар жауаптарын алды. Кездесу өте қызық және пайдалы өтті.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

30/09/2016

Арал аудандық сотында  азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, тұз жинау кенішінде бульдозерді мас күйінде басқарған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

«Еңбек күніне» арналған салтанатты шара өтті

30/09/2016

Елбасының Жарлығымен қыркүйектің соңғы демалыс күнінде атап өтілетін болып бекітілген «Еңбек күні» елімізде алғаш рет биылғы жылы 28 қыркүйекте аталып өтті. Оның негізгі мақсаты-мемлекет басшысының жалпы және ортақ еңбек қоғамын құру идеясының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көп жылғы еңбек дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Экономикалық сотта талқылау өтті

30/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша ҚР-ның нормативтік қаулысын талқылады.

Қызылорда қалалық №2 сотының судьялары «Еңбек күні» мерекесіне орай студенттерімен кездесті

30/09/2016

Қызылорда қалалық №2 сотының судьялары Д.Алиев, А.Сұлтанбеков, кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова «Еңбек күні» мерекесіне орай «Ақмешіт» гуминитарлық техникалық институтының  жоғарғы  курс  студентерімен  кездесу  өткізді.

Аталған іс-шараға «Ақмешіт» гуминитарлық техникалық институтының   мұғалімдері мен  студенттері  қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

30/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.        

Сотта, кәмелетке толмаған сотталушы С. алкогольді масаң күйде, денсаулыққа орта дәрежелі зиян келтіргені анықталды.

Басты сот талқылауында жәбірленуші Н. сотталушымен медиатор арқылы татуласқанын, келтірілген залал орнына келгенін көрсетіп, істі қысқартуын сұрады.

Семинар-тренинг өткізілді

30/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері арасында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға судья Қ.Бержанов, кеңсе менгерушісі М.Асанова, бас маман Қ.Сағдатова және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинарды судья Қ.Бержанов бастап, сөз кезегін баяндамашы М.Асановаға берді, ол өз сөзінде «ҚР Медиация туралы Заңын қолдану тәртібі» туралы мәлімдеме жасады. Бас маман Қ.Сағдатова өз баяндамасында «Сот кабинеті ақпараттық сервисін қолдану» туралы айттып өтті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты дөңгелек үстел өткізілді

30/09/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында құқық бұзушылардың мінез құлқына  соттардың ерекше талаптар белгілеу барысында туындайтын мәселелерге қатысты дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге судьялар мен сот қызметкерлері прокуратура және құқық қорғау органдарың өкілдері қатысты.

Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғ.Нагиев дөңгелек үстел тақырыбы бойынша баяндама  жасады.

«Еңбек күніне» орай болашақ заңгерлермен кездесу өткізілді

30/09/2016

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар» делінген.

2013 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі деп бекітілген. Осы орайда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында студенттермен, болашақ заңгерлермен кездесу өткізілді.

Бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық

30/09/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат С. жәбірленушіні балағаттап, себепсізден бетінен бірнеше мәрте ұрып соғып дене жарақатын салып, бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 1 жылға пробациялық бақылау орнату тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық сотта брифинг өтті

30/09/2016

Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуларымен брифинг өткізді.

Сот төрағасы «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарының» 5 институционалдық реформаны іске асыру мақсатында сот жүйесінде үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі жөнінде, қылмыстық заңнамадағы өзгерістер туралы, тергеу судьялары өкілеттілігінің кеңейтілгендігі және басқа да өзекті мәселерді т.б. жөнінде әңгімелеп берді.

Сот есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған азаматқа қатысты жаза тағайындалды

30/09/2016

Қармақшы аудандық сотында есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау  фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлерімен аудан көлемінде жүргізіліп жатқан «Допинг» іс-шарасы барысында, ескі «Шымкент-Самара» тас жолының бойында азамат Т-ны тоқтатып тексеру барысында, оның қалтасынан ерекше иісі бар есірткі тәріздес өсімдік зат айғақ ретінде алынып, сараптама қортындысы бойынша кептірілген марихуанаға жататынын бекітілген.

«Еңбек күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

30/09/2016

Қазалы аудандық сотында кеңсе қызметкерлерімен «Еңбек күні» мерекесіне орай «Адал еңбек-жетістікке жетудің кепілі» тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізілді.

Төраға міндетін атқарушы Қ.Темірбаев дөңгелек үстел  барысында  «Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, еңбегін мадақтау, жұмыс мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмыс әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін күшейту-бұл Елбасының Жалпы Еңбектік қоғам құру идеясының басты кепілі» деді.