Архив событий

03/09/2016

Облыс соттарының қызметкерлері аттестациядан өтуде

03/09/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының бастамасымен 24.08.2016 жылы бекітілген жоспар бойынша, Қызылорда облысы соттарында мамандардың «Төрелік» ақпараттық жүйесі және аудио-бейне тіркеу жүйесімен тиісті түрде жұмыс істеу білім деңгейін анықтау мақсатында облыс соттарының мамандары тәжірибелік аттестациядан өтуде.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе қызметкерлері кестеге сәйкес, 2016 жылдын 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында аттестациядан өту жоспарланған.