Архив событий

28/09/2016

Сотталушы қоғамдық жұмысқа тартылды

28/09/2016

Шиелі аудандық сотында қалтасынан есірткі заты табылған азамат О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Шиелі АІІБ полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында О. есімді азамат ұсталғаны, оны, тінту барысында сотталушының қалтасынан салмағы 1,6 грамм болатын «кептірілген марихуана»  есірткі заты табылғаны анықталды,

Сот үкімімен азамат О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

 

Аудандық почта байланыс торабының бастығы пара алған үшін жазаланды

28/09/2016

Қызылорда қалалық № 2 сотында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамға тенестірілген адам бола тұра пара берушінің пайдасына жасаған қызметтік өкілеттігіне кіретін әрекеті үшін ақша түрінде жеке өзі пара алып, қылмыс жасаған сотталушы азамат  Ж–ға қатысты үкім шықты.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіні ұрып соққаны үшін жазаға тартылды

28/09/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана  жеңіл зиян келтірген сотталушы Э-ға қатысты үкім шықты.

Сот процесі барысында, сотталушы Э. кәмелет жасқа толмаған жәбірленуші К-ге себепсіз күш қолданып, қол жұмсап ұрып-соғып денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Еңбек күні аталып өтті

28/09/2016

Қызылорда қалалық сотында еңбек күні мерекесі қарсаңында «Көп еңбегікөңілді» тақырыбында сенбілік өткізілді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметін үйлестіруші судья К.А.Садуақасова және соттың баспасөз хатшысы Н.К.Дуйсенова Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде болып қайтты.

Кездесу республика гимнін орындаумен басталып, одан әрі Тәуелсіздік жылдарындағы республикамыздың және сот жүйесінің жетістіктері жайлы студенттермен әңгіме қозғалды.

Жеңіспен құттықтаймыз!

28/09/2016

Республика судьяларының тартысты додасында Қызылорда облысы соттарының судьялар командасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, Сыр судьяларының командасы мини футболдан бірінші орын алды, команданың құрамында Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов, судьялар Б.С.Пазылов, Ә.М.Жұмабаев, Т.Қ.Жүсіповтер  ойнады.

Әмірхан Жұмабаев «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп танылды.

Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

28/09/2016

Жуырда Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 107 бабының  2-бөлігі 5-тармағымен  айыпталған  К-ға қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталып өтті.