Архив событий

01/09/2016

Қармақшы аудандық сотында «Электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсыну тәртібімен рәсімделуі» тақырыбында семинар өтті

01/09/2016

Қармақшы аудандық сотында «Электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсыну тәртібімен рәсімделуі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев, кеңсе қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.

Төраға Қ.Абдуллаев өз баяндамасында электрондық түрдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсыну тәртібімен рәсімделуі жайлы айтты.

 Семинарда талқыланған мәселесі бойынша басқада сұрақтар қойылып, аудандық соттың төрағасы оларға жан-жақты жауап беріп, өзара пікір бөлісті.

Ортақ тұрғын үйді бөлу туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

01/09/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы К-ның жауапкер Т-дан ортақ тұрғын үйін бөлу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талабында, жауапкермен арасындағы ортақ тұрғын үйді тең бөліп беруді сұраған.

Сотта талап қоюшы мен жауапкерден дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхаттар және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылған.

Арал аудандық сотында брифинг өткізілді

01/09/2016

Арал аудандық сотында 31 тамыз 2016 жылы азаматтық іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Шара барысында судья Д.Мұратбекұлы талап қоюшы Н-ның жауапкер Сексеуіл локомотив пайдалану депосына бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, бос жүрген күндеріне жалақысын өндіруді сұраған азаматтық ісі бойынша мәлімет берді.

Қоғамдық орында адамдарды мазалағаны үшін әкімшілік шара көрілді

01/09/2016

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, Арал ауданында адамдарға тиісу фактісі анықталған, яғни, қоғамдық орында заттарды өзгеше тәсілмен сату мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын  Өзбекстан Республикасының азаматы Ш. адамдарға тиісіп, мазалап өтініш білдіру сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Сот саласына енгізілген инновациялық жаңа технологиялар

01/09/2016

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді қажеттілігі туындады. Осы мақаланы жазу мақсаты - бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған сот саласындағы жаңа технологиялардың қызметтері туралы ақпараттандыру.

2014 жылдың 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылған болатын.