Архив событий

16/09/2016

Қызылордада «Лингвистикалық және құқықтық қауіпсіздік. Жағымсыз контент» тақырыбында семинар өтті

16/09/2016

«Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауымен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қыркүйек айының 14-15 жұлдызында Қызылорда қонақ үйінде журналистер арасында «Лингвистикалық және құқықтық қауіпсіздік. Жағымсыз контент» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты – өңірдегі журналистердің құқықтық білімін арттыру, жаңа қолданыстағы заңнамалардың журналист құқығын қорғаудағы рөлін түсіндіру, журналистердің біліктілігін арттыру.

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

16/09/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail: 724-0200@sud.kz,

Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтың алдын алу туралы тақырыбында брифинг өтті

16/09/2016

Шиелі аудандық сотында сот төрағасының, судьялардың және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында брифинг  өткізілді.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

16/09/2016

Жаңақорған аудандық сотында Н-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Н.  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ҚР Жол жүрісі қағидасының 2.4.1, 2.4.2 тармақтарының талаптарын сақтамай, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Н. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Медиациялық келісімге келді

16/09/2016

Қызылорда қалалық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қарады.

Сот анықтағандай,  ерлі-зайыптылар некеде сегіз жыл тұрған, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ бірлесіп өмір сүруді әрі қарай отбасын сақтауды мүмкін емес деп есептейді.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

16/09/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып, туысқанын өлтірген қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушыға  2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексінің ерекшеліктері

16/09/2016

Шиелі  аудандық  соты «Өскен Өңір»  газетінің тілшісі  А.Назарованың  қатысуымен «Қазақстан Республикасы жаңа Еңбек кодексінің  ерекшеліктері»  тақырыбында  брифинг  өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы М.Еркінбеков Еңбек кодексінің негізгі новеллалары туралы, азаматтық қызмет, азаматтық қызметкер, делдал, еңбек гигиенасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі, тәртіптік теріс қылық, бітімгерлік комиссиясы және еңбек дауларын медиация тәртібімен қысқартуға болатыны туралы ұғымдарды атап өтті.

Сотта брифинг өткізілді

16/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында брифинг өткізілді. 

Брифингке аудандық сотының төрағасы А.Абдулла және «Тіршілік тынысы» редакциясының өкілі қатысты.

Аудандық соттың төрағасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Экономикалық сотта брифинг өткізілді

16/09/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өтті. Брифингті осы соттың судьясы  А.Әбілқайысқызы өткізді.

Судья А.Әбілқайысқызы қатысушыларға 2016 жылдың 8 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 1666 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 1295  іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

16/09/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Тәуекел туы» газетінің тілшісі  М.Көптілеуовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Д.Абдықалыков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған Г-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Г. Әйтеке би кентінің темір жол вокзалы жанындағы аялдамада жәбірленуші Д-ға себепсізден-себепсіз тиісіп, балағаттап, итеріп жерге құлатып, тепкілеген.

Қашықтықтан оқыту өтеді

16/09/2016

2016 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 15.00-де кейбір санаттағы істерді қарау тәртібі бойынша судьялар үшін қашықтықтан оқыту сабағы өткізіледі.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты болып табылады. Мұндай сабақтарды өткізу жыл аяғына дейін белгіленген, жауаптылық республика соттарына бөлінген. Ертеңгі оқытуға жауапты аймағы болып Қызылорда облыстық соты бекітілді.

Сот алимент төлемегені үшін қамаққа алу жзасын тағайындады

16/09/2016

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. Арал аудандық сотының 3 қыркүйек 2013 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы А-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Аудандық сотында өткізу режимін қамтамасыз ету Ережелері талқылады

16/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік  режимдерді қамтамасыз  ету жөніндегі қағидаларды бекіту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған үшін айыппұл тағайындады

16/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұз       

Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаға сәйкес, құқық бұзушы Л. нақты себептерсіз өзінің кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты ата-аналық тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттерін орындамаған, соның салдарынан баласы кәмелетке толмаған Ф-мен бірге азамат М-ның пәтеріне заңсыз кіріп, бөттеннің мүлкін жалпы соммада 10 000 тенге жымқырған.

Іс медиация тәртібін қолданып қаралды

16/09/2016

Қызылорда қалалық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат А-дан берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай,  «Қазақтелеком» АҚ-ы сымсыз тұрақты терминалын қолдануына азамат А-мен шарт жасасқан, алайда азамат А. телекоммуникация қызметі үшін  төлемді төлемеген. Осыған байланысты, ол «Қазақтелеком» АҚ-ның алдында сымсыз тұрақты терминал үшін берешек болды.

Сот отырысында тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады.