Архив событий

13/09/2016

Кеңсе қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өтті

13/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.

Шараға кеңсе меңгерушісі және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны ашқан кеңсе меңгерушісі М.Асанова, баяндама жасау үшін сөзді жетекші маман Қ.Шакиевке берді.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

13/09/2016

2016 жылдың 8 қыркүйек күні Қызылорда облыстық сотымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» келген азаматшаны сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сабыров қабылдады.

Қабылдауға қала тұрғыны Ү.Жансеитова келіп, сотта қаралатын істер санаты туралы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша сот жүйесіндегі оңтайландырулар туралы сұрақтар қойды.

Сот заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін мүлікті тәркілей отырып айыппұл тағайындады

13/09/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азаматша Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен азаматша Т. жеке меншік кәсіпкер ретінде тиісті тіркеуден өтпей, кәсіпкерлік қызмет атқарып, саудамен айналысқаны анықталды.

Қызылорда қалалық сотында талқылау өтті

13/09/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатовтың және сот судьяларының қатысуымен «Сот сараптамасы түрлері, тиімділігі және сараптама жүргізу мерзімдері» тақырыбында талқылау өтті.

Осы күні Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында Тізімге сәйкес сот сараптамасының 22 түрі жүргізілуде. Аталған сараптамалардың басым бөлігі мемлекеттік органдармен тағайындалады.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

13/09/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«Ж» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 3 665 641,94 теңге, оның ішінде бересі – 3 034 238,86 теңге, өсімпұл – 631 403,08 теңгені құраған.

«Мемлекеттік қызметшілер» тақырыбында семинар сабағы өтті

13/09/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың тамыз 26 жұлдызында «Мемлекеттік қызметшілер»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова ашып, сөз кезегін жетекші маман А.Абызоваға берді.

Жаңақорған аудандық сотымен 2016 жылдың 8 айдың қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

13/09/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас тілшісі А.Жарықбаевпен ағымдағы жылдың сегіз айында қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы пресс конференция өткізді.

Пресс конференция  барысында  2016  жылдың сегіз айында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны  туралы  аталып, мемлекеттік статистикалық есептерге тоқталып, жария етілді.