Архив событий

06/09/2016

БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді

06/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына судья Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қызықты азаматтық істер жайлы баяндады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

06/09/2016

2016 жылдың 5 қыркүйегінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында заңды тұлға өкілінің қатысуымен  «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік күніне» келуші азаматтарды Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының   БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы  Н.Еламанов қабылдады.

Қызылорда қаласының №2 сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/09/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында  «Сот кабинеті» тақырыбында  дөңгелек үстел  өтті.

Шараға Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Д.Кузембаева, Қ.Жакупов, Ш.Сабирова, Р.Алпысбаева, К.Келімбетова және сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны ашқан кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова, баяндама жасау үшін бас маман М.Бекетоваға сөз берді.

Компьютер клубының администраторына айыппұл салынды

06/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Н. Қызылорда қаласында орналасқан «Матрица» компьютерлік клубының   администраторы бола тұра,  кәмелетке толмаған Р.-ны компьютерлік клубқа заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол бергені анықталды.

Жалағаш аудандық сотында брифинг өткізілді

06/09/2016

Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаевтың, аудан прокурорының көмекшісі Ж.Еркіновтың, Жалағаш аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Қожамұратовтың, жергілікті БАҚ өкілі С.Бертаевтың қатысуымен «Мемлекет пайдасына өндірілген сомаларды өндіру жағдайы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке қатысушылардың алға қойған мақсаты, мемлекеттің пайдасына өндірілген сомаларды өндіру кезіндегі қиындық тудыратын мәселелерді талқылау.

Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі» тақырыбында семинар өткізілді

06/09/2016

Байқоңыр қалалық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Жұбатханов баяндама жасап, сот қызметкерлеріне Әдеп кодексінің негізгі ережелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметті орындау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтті.

Талап қанағаттандырылды

06/09/2016

Арал аудандық сотының шешімімен талап қоюшы С-ның жауапкер Е-ден қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы С. 27.01.2016 жылы жауапкер Е-ге 2016 жылдың маусым айына дейінгі мерзімге 200 000 теңге қарызға ақша берген. Жауапкер ол жөнінде өз қолымен жазып, қолхат берген. Алайда, осы уақытқа дейін қарыз ақшасын қайтармаған, сондықтан талап қоюшы С. жауапкер Е-ден қарыз ақшасын өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер Е. талап қоюшының талабын толық мойындады.

Медиация тәртібімен әкімшілік іс өндірістен қысқартылды

06/09/2016

Құқық бұзушы А. үйінде балдызы азамат Ж-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Сотта құқық бұзушы мен жәбірленуші медиация арқылы өзара татуласып, бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Аталған  әкімшілік іс жәбірленушімен медиация арқылы бітімгершілікке келуіне және ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушы  әкімшілік   жауаптылықтан  босатылды.

«Жеке айыптау істерінің қаралу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06/09/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында «Жеке айыптау істерін қаралу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстелге судья Б.Жаңабаев, кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова, облыстық прокуратурадан С.Серімбетов, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының учаскілік инспекторлары А.Есіркепов, Р.Шерметов, А.Жакипов қатысты.

Іс-шара барысында жеке айыптау істері бойынша түскен арыздарды тіркеу тәртібі, сотта қаралу ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.