Архив событий

08/09/2016

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

08/09/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов судьялардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облыстық соты төралқасының 05.09.2016 жылғы жалпы отырысының хаттамалық шешімін орындау мақсатында жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте сот төрағасы хаттамалық шешіммен қойылған талаптарға, атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты түрде іс шаралар өткізу, мүгедектердің сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс шеңберінде судьялардың қатысуымен оқыту іс-шараларын өткізу сияқты тапсырмалар жайлы айтып өтті.

Сырдария аудандық соты «Сот кабинеті» атты тақырыпта оқып-үйрену сабағы өткізді

08/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті» атты тақырыпта оқып-үйрену сабағы өткізді.

Іс шараға аудандық прокуратура, ІІБ-ның, ХҚК(ЦОН) орталығының кеңсе қызметкерлері және аудандық сотының мамандары қатысты.

Аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыздар мен өтініштерді үйден шықпай-ақ жіберуге болатындығы туралы, сонымен қатар жіберілген құжаттың қозғалысын қадағалауға мүмкін екендігі туралы түсіндірмелер беріп өтті.

Қызылорда қалалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

08/09/2016

Қызылорда қалалық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы қызметкерлерінің және Қызылорда қалалық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

08/09/2016

Талапкер «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесінен 169 740 теңге қарыз сомасын және 5092 теңге мемлекеттік баж  өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сотта анықталғандай, жауапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі байланыс қызметін пайдаланғаны үшін «Қазақтелеком» АҚ-на 169 740 теңге қарыз болған.

Жауапкерге бірнеше мәрте қарызын төлеу туралы талапкер тарапынан хабарламалар жолданған, алайда жауапкер қарыз сомасын уақытылы төлемеген.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

08/09/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 11-00 мен 13-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес,  «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдар қоя алады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-95, 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

       

Арал аудандық сотында брифинг өтті

08/09/2016

Арал аудандық сотында 2016 жылдың 7 қыркүйек күні әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы жүргізді.

Шара барысында судья Д.Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653 бабының 1 бөлігімен қаралған Ж-ның әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

08/09/2016

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан РТРК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы телеарнасының журналистерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья К.Ә.Сәдуақасова «Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық істердің қаралуы» тақырыбында хабарлама жасап, сот өндірісіндегі осы санаттағы істердің қаралу барысына тоқталды.

Брифингте судья өзінің өндірісінде болған азаматтық іс туралы нақты айтып, азаматтық істің қаралуы барысында туындайтын мәселелерге  тоқталды.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

08/09/2016

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкерлер «Ф» және «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен 124 922 746 теңге   және 6 246 137 теңге өсімпұл өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Тараптар арасында 2014 жылы тауарларды  сатып-алу сату келісім шарттары жасалған. Келісім шарттарға сәйкес, талапкер өзіне жүктелген міндеттерді орындап тауарды жауапкерге жеткізген, алайда жауапкер өзіне жүктелген тауар құнын төлеу міндеттерін тиісті түрде орындамаған.

Сот заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін мүлікті тәркілей отырып айыппұл тағайындады

08/09/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты азаматша Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен азаматша Т. жеке меншік кәсіпкер ретінде тиісті тіркеуден өтпей, кәсіпкерлік қызмет атқарып, саудамен айналысқаны анықталды.