Архив событий

14/09/2016

Дау медиация тәртібімен аяқталды

14/09/2016

Талапкер Р. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз беріп, онда жауапкер Д-ға кәмелетке толмаған Б. және Е. есімді балаларын асырап бағуға барлық табысының 1/3 бөлігін, жауапкер А-ға С. есімді баласын асырап бағуға ¼ бөлігін алимент ретінде яғни төлеп отрығанын көрсетіп,  алимент  мөлшерін 83%-дан 50%-ға төмендетуді  сұраған.

Сот 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

14/09/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған 45 жастағы сотталушы  Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзған

14/09/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат А. Кызылорда облыстық ҚІЖД жұмылдыруды жоспарлау бөлімі офицері А. Департамент бастығының қабылдау бөлмесінде Департамент бастығының орынбасары госпитальге кету туралы баянатына қол қоймағаны үшін ар-намысына, қадір-қасиетіне қорлау сипатындағы  сөздер айтқаны анықталды.

Сотпен мүлік салығы бойынша қарыз өндірілді

14/09/2016

Арал аудандық сотымен азаматша И-ден мүлік салығы бойынша қарыз сомасын өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Өндіріп алушы Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы арызында, азаматша И-дың мүлік салығы бойынша қарыздары жинақталғанын көрсеткен.  Салық есебі анықтамасы бойынша азаматша И-дың 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі мүлік салығы бойынша қарызы 15 340 теңге, өсімі 3 336 теңгені құраған.

Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз еккен

14/09/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған сотталушы  К-ға сот үкімі шықты.

Сотталушы  К. Сабалақ саяжайына қарасты жайылымдық жерде өзінің малдарын жайып бағып жүріп, жайылымда өсіп тұрған жыңғыл талдарының түбінен  кітап парағына оралған ерекше исі бар өсімдікке ұқсас шөп тәріздес затпен өсімдік тұқымдарын тауып алып, өзі тұтынып жүрген.

Сот көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра алкогольдік масаң күйінде автокөлік басқарғаны үшін жаза тағайындады

14/09/2016

Қазалы аудандық  соты азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ  бола тұра автокөліктіалкогольдік масаң күйінде басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

                                        

 

Байқоңыр қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

14/09/2016

Байқоңыр қалалық сотында 2016 жылдың қыркүйек айының 15 күні сағат 16.00-ден бастап 18.00-ге дейін «Ашық есік күні» өткізіледі.

Сот төрағасы және қалалық сот судьялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің, жеке азаматтардың сот жұмысына байланысты сауалдарына жауап береді.

Өткізілетін орны: Байқоңыр қаласы, Максимова 17 «А» көшесі.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

14/09/2016

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы А. өз үйінде жанжал шығарып, әйелі С-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленуші С. құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Сот актілерін орындау мәселелері

14/09/2016

Сырдария аудандық сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, сот орындаушы Е.Елубайұлы,  ІІБ-нің және әділет басқармасының өкілдері, сот қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі аудандық сотта қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған  сот актілерінің орындалуы бақылауда тұратынын атап өтті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/09/2016

Талапкер «Қызылордажылуэлектрорталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жауапкер «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен келсім-шарттың талаптарын мәжбүрлеп орындау туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.