Архив событий

02/09/2016

Кәмелетке толмағанға темекі бұйымын сатқан үшін жазаға тартылды

02/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Б. сауда дүкенінде сатушы болып  қызмет  жасап  жүріп кәмелетке толмаған А-ға 1  қорап  темекі  бұйымын сатқаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

 

Әкелік парызын орындамаған

02/09/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. Арал аудандық сотының 05.10.2007 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Г-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаға тартылды

02/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, құқық бұзушы Д. ойын-сауық орталығына жауапты тұлға бола тұра, кәмелетке толмаған Е-ні заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз түнгі уақытта  ойын-сауық орталығында болуына жол бергені анықталды.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы  Д. ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 45 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Конституция күніне орай семинар сабағы өткізілді

02/09/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған семинар сабағы өтті.

Семинар сабағына судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі және кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Семинарды ашқан, сот судьясы Қ.Бержанов Конституция еліміздің Ата Заңы екенін атап өтіп, сөз кезегін баяндамашы кеңсе меңгерушісі М.Асановаға берді.